Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды

Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жектің нақты басталу уақыты белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

20160910194842

Қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні Лондондағы О2 аренасында өтетін кештің басты жекпе-жегі Астана уақытымен сағат 03:30-ға жоспарланып отыр. Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында белгілі ресейлік бокс комментаторы және тілші Григорий Стангрит мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Головкин Бруктан жеңілірек болып шықты. Қазақстандық боксшының салмағы 158,9 фунт (72 келі 158 грамм), ал британдық боксшы 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) тартты. Осылайша, екі боксшы да 160 фунтқа дейінгі орта салмақ лимитіне жатады.

Талқылау