Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин бокс -2015-тің басты оқиғасына енді

«Спорт-Экспресс» 2015 жылғы әлемдегі кәсіби бокстың бес маңызды оқиғасына өз нұсқасын келтірді, оған титулдарды біріктірген қазақстандық Геннадий Головкин де кірді.

gennadiy-golovkin-sedmoy-v-reytinge-p4p-po-versii-izdaniya-bleacher-report_491

«Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин биыл үш айқас өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Сонымен бірге ол 2009 жылдан бастап өз қарсыластарын нокаутқа жіберіп келеді. Оның қызметтік тізіміндегі 43 жекпе-жегі 43 рет жеңіс сыйлаған. Қазанда канадалық Давид Лемьені сұлатып, қазақстандық WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулына тағы да IBF тұжырымы бойынша белдікті қосып алды. Бұдан басқа, Головкин WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы болып табылады және тұрақты чемпион мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуға әзір», – деп жазды басылым.

Талқылау