Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Баррерамен бірге жаттығып жүр

WBA (Super), IBO, IBF и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкин алдағы жекпе-жекке дайындық жаттығуларын бастап кетті.

4b56JgDv8C8

Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасы хабарлайды.

Генадий Головкин кубалық Салливан Баррерамен бірге жаттығып жүр. Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Баррера Андре Уордпен, ал Генадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен шаршы алаңға шығып қолғап түйістіреді.

Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы «FORUM» аренада өтеді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі 35-ші кездесуі. Осыған дейінгі барлық жекпе-жегінде Головкин жеңіске жетіп, 31-ін нокаутпен аяқтаған.  5jzPlx_VbWw -Mui4Pl1gBU

Талқылау