Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Альвареспен болатын кездесуінде өзінің барлық атақтарын қорғайды

Промоутер Том Леффлер Геннадий Головкиннің 16 қыркүйек күні Альварспен болатын кездесуінде өзінің барлық атақтарын бәске тігетіндігін мәлімдеді.

18645703_1883419535231933_661344720710008832_n

Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.

“Головкин WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша алдағы кездесуде өзінің барлық атақтарын қорғайды. Сондай-ақ өзі қорғайтын атақтардың тізіміне The Ring журналындағы титулын да қоспақ. Бұл кездесудің жанкүйерлердің көңілінен шығатындығына сенімдіміз. Бұл дивизиондағы ең үздік әрі әлемдегі сатылымы ең жоғары шеберлердің жұдырықтасуы”, – деді Леффлер.

Айта кетейік, “Канело” осы уақытқа дейін WBA мен IBF нұсқалары бойынша ғана таласатындығын, сондай-ақ өзінің “The Ring” журналының нұсқасы бойынша желілік әлем чемпионы атағын “бәске” тігетіндігін мәлімдеген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер

“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)

Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Талқылау