Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин – Альварес жекпе-жегі басталатын нақты уақыты белгілі болды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль “Канело” Альварес арасында өтетін жекпе-жегінің басталатын нақты уақыты белгілі болды.

8778

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

16 қыркүйекте Лас-Вегастың 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтетін бокс кешінің басты кездесуі Астана уақыты бойынша, 17 қыркүйекте, жексенбіде сағат 08:50-де басталады.

Жекпе-жекті тікелей эфирден Qazaqstan және QazSport (бұрынғы “Казахстан” және KazSport) телеарналары көрсетеді.

Айта кетейік, Головкин – “Канело” жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық “The Ring” журналының белбеуін бәске тігеді.

Оқи отырыңыз:

Головкин: Альвареспен жекпе-жекте төрешілер шешім шығаратын жағдайға жеткізбеймін

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау