Головкин-Альварес: Сарапшылар не дейді?

Сенбі, 16 Қыркүйек , 2017 13:42

Бүгінде орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль “Канело” Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы өтетін жекпе-жекке түрлі болжамдар жасалуда. Осы орайда Stan.kz тілшісі шаршы алаңда атой салған қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің де пікірлерін білген болатын.

photo_99896

Stan.kz сайты жүргізген арнайы сауалнамаға ат салысқан спортшылардың қатарында Ермахан Ыбрайымов бар. Сидней олимпиадасының чемпионы Генаның шеберлігіне тәнті болғанымен, отандасына айтар ақыл-кеңесін аянып қалмады.

«Екі мықты боксшының кездесуінде керемет ойын болады деп ойлаймын. Менің ойымша 12 раундтқа дейін баруы мүмкін. Алайда, Геннадийдің алдыңғы қолы мықты ғой. Мүмкін 8 немесе 9-шы раундта аяқталуы да ықтимал. Бірақ, Геннадий Головкин жас емес сөз жоқ. Аларын алды, жасарын жасады. Сондықтан, осы жекпе-жекті ұтқаннан кейін, ақырындап, абыроймен кеткені де дұрыс шығар деп ойлаймын», – дейді Ермахан Сағиұлы.

9898

Ал, жақында ғана Астана төрінде өткен кәсіби бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізген Қанат Исламды да Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек бей-жай қалдырмады.

23b47d401452ae6493fb6504113ee2fb

«Менің ойымша, Головкин жеңіске жетеді. Оған сәттілік тілеймін. Головкин – әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше, кездесу 12 раундқа созылады», – деді өз болжамын жасаған Қанат Ислам.

Біз жүргізген сауалнамаға белсенділік танытқан былғары қолғап шеберлерінің бірі Жанқош Тұраров. Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазақ баласы Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне мынадай болжам жасады.

ггг-жанннннкош

«Менің ойымша 12 раундтық кездесу болады. Бірақ Головкин ұпай санымен жеңіске жететін сияқты. Алайда, Альваресте оңай шағылатын жаңғақ емес. Олда дәл қазір бабында. Жасы да келіп тұр. Физикалық тұрғыда да өте мығым. Альварес жылдам болса, Головкиннің соққысы ауыр. Бұл жолы нокдаун, нокаут болмайтын сияқты. Бірақ, Геннадий бір рет Альваресті нокдаунға жіберіп қалуы да мүмкін» – дейді Жанқош Тұраров.

Еске салсақ, Головкин мен Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада жұдырықтасады. Спорт кешені 21 мың адамға лайықталған. Қазіргі таңда барлық билеттер сатылып кетіпті.

Осыған дейін боксшылардың жекпе-жектен соң қанша қаламақыға ие болатыны айтылған еді. Өз кезегінде президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелге жасайтын іссапарына қарамастан жекпе-жекті көретінінайтқан еді. Сонымен қатар, мына сілтемеге өту арқылы Лас-Вегастың жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын да тамашалай аласыздар.

Қазақстандықтар тамаша бокс кешін Qazaqstan және Qazsport арналарынан 17 қыркүйек күні таңертең көре алады.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Anonymous says:

    неге олай дейсің.ол мыкты ешкіненде жеңілмейді.кайдагы жокты айтпаң

  • Anonymous says:

    Головкиннің быт-шытын шығарады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар