Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Альварес: 16 қыркүйек қарсаңында білуіңіз керек 5 нәрсе

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзінің отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізіп, оны жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетінін ресми түрде мәлімдеді.

canelo-golovkin (2)

Бұл туралы “Егемен Қазақстан” басылымы хабарлайды.

Сонымен, 16 қыркүйекке дейін Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы сіз білуіңіз керек 5 фактіні назарларыңызға ұсынамыз.

Бірінші: 16 қыркүйектегі жекпе-жекте WBA, WBC, IBF, IBO және The Ring журналының титулы сарапқа салынады. Ол күні Геннадий Головкин WBA суперчемпиондық белбеуін 18-ші, WBC белбеуін 3-ші, IBF белбеуін 4-ші, IBO белбеуін 16-шы рет қорғаса, Альварес The Ring журналының титулын 2-ші рет қорғайды.

Екінші: Алдын-ала болжам бойынша, әлем жанкүйерлері күткен жекпе-жек T-Mobile аренасында өтуі мүмкін. Тараптар кездесу орнын алдағы уақытта нақтылайтынын айтты. Егер кездесу T-Mobile аренасында өтсе, Головкиннің Лас-Вегастағы тұңғыш, ал АҚШ-тағы 11-ші жекпе-жегі болмақ. Аренаның сыйымдылығы – 20 000 мың адам.

Үшінші: 16 қыркүйек – Мексика мемлекетінің тәуелсіздік күні. 1810 жылдың дәл осы күні Испаниядан тәуелсіздігін алу үшін соғыс бастаған болатын. «Канело» соңғы уақытта негізгі жекпе-жектерін Мексиканың екі ұлы мерекесі қарсаңында өткізіп жүр. Біріншісі, тәуелсіздік күні болса, екіншісі мамыр айындағы «Синко де Майо» (Бесінші мамыр) мерекесі.

Төртінші: Британдық boxrec сайтының рейтингі бойынша екі салмақ дәрежесінің бірінші орын иегерлерінің айқасы болмақ. Головкин 160 фунт (72,500 кило), Альварес 154 фут (69,900 кило) салмағының үздігі. Жекпе-жек орта салмақта яғни, 160 фунтта өтеді. Жеңіске жеткен боксшы орта салмақтың королі атанады.

Бесінші: Головкин-Альварес жекпе-жегі ресми мәлімделген соң қос боксшының алғашқы пікірі:

Геннадий Головкин: Мен өте қуаныштымын, бәрі мен ойлағандай болып жатыр. Маған Альварестің бүгінгі жекпе-жегі ұнады, бірақ күзде – биг-драма-шоу болады. «Канело» менің карьерамдағы ең үздік боксшы. Қыркүйектегі кездесуде оған сәттілік тілеймін.

Сауль «Канело» Альварес: Геннадий, досым, сен менің келесі қарсыласымсың. Мен 16 жасымда кәсіпқой боксты бастадым, өйткені мен ешқашан қорыққан емеспін. Головкинмен жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Менде қазірге дейін қиын жекпе-жектер болған және алдағы кездесуімде оңай болмайтынын білемін. Мен үнемін айтамын: «Канело» Альварес үздік, өйткені ең мықты боксшылармен жұдырықтасады».

Оқи отырыңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Талқылау