Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин алғашқы жеңілісінен кейін сұхбат берместен шаршы алаңнан кетіп қалды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүгін Лас-Вегасте өткен қарымта кездесуде мексикалық қарсыласынан жеңіліс тапты. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі болып отыр, деп жазады Stan.kz.

Головкин алғашқы жеңілісінен кейін сұхбат берместен шаршы алаңнан кетіп қалды

Сурет: HBO Boxing

Жекпе-жек соңында төрешілер шешімі бойынша жеңіс Сауль Альвареске берілгені жарияланғаннан кейін бір сәт үнсіз қалған Головкин артынша сұхбат беру үшін өз кезегін күтпестен шаршы алаңнан кетіп қалды. Ол өзінің жеңілісіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Өкінішке орай, қазақстандық боксшы орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды. Сондай-ақ, ол орта салмақ дәрежесінде барлық чемпиондық белбеуді иеленген бокшсы атана алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау