Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин әлемнің үздік боксшыларының рейтінгінде көш бастады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин салмақ категориясына тәуелсіз, әлемнің үздік боксшыларының рейтингісінде көш бастады.

image

Фото: instagram.com/gggboxing/

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Аталған рейтингті International Business Times басылымы жасаған.

Рейтинг авторларының айтуынша, қазақстандық боксшының 34 жеңісінің ешқайсысында беделді қарсыластар болмаса да, мен деген боксшылардың Головкинмен жұдырықтасуға батылы бармайды. Ол алдына келгеннің барлығын оңдырмай жұдырықтап, соңғы шаршы алаңдағы кездесуде канадалық Давид Лемьені жеңіп, 21-ші нокаутына қол жеткізген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Абель Санчес: Уэйд Головкин үшін қауіпті

Головкинге Қазақстан символикасы бар кроссовка сыйға тартылды


Сонымен қатар, Головкиннің америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегінің де ұзаққа созылмайтыны айтылған.  Бұл жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 24 сәуір күні өтеді. “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетіледі. Жекпе-жек жеңімпазы мексикалық Саул Альвареспен және британиялық Амир Ханмен кездеседі.

Талқылау