"Голос" байқауының жұлдызы өлі күйінде табылды

9 маусымға қараған түні "Голос" шоуы арқылы танылған әнші Алексей Сафиулин көз жұмды. Ол екі жыл бұрын аталған байқауға қатысып, әділқазыларды таңғалдырған еді. 

Алексейдің денесі өз пәтерінен табылды. Ол 44 жасында мерт болды. Артында әйелі мен екі баласы қалды. Әйелі екеуі 19 жыл отасқан. 

Жақындарының айтуынша, Алексей ваннада суға тұншыққан. Әншімен қоштасу рәсімі 13 маусым күні өтеді. Әншінің өлімін тергеу ісі анықтайды. 

Жанкүйерлері әншінің жақындары мен отбасына көңіл айтып жатыр. Желіде жақсы естеліктер жазылды. 

"Осындай талантты адамның өмірден кеткені өкінішті", "Әйелі мен балаларына қайғырып көңіл айтамыз", "Адам бүгін бар, ертең жоқ, жатқан жері жайлы болсын. Бүгін қайғылы хабармен ояндым", - дейді желі қолданушылары. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр