Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливудтың танымал жұлдыздары Астанаға келмек

“Оскар” және “Алтын Глобус” иегері Николас Кейдж Астанаға келеді. Онымен бірге әріптестері Голливудтың атақты жұлдызы Джон Малкович пен “Оскар” және “Сезар” иегері, “Пианист” фильміндегі музыкант Владислава Шпильманның рөлін сомдаған Эдриан Броуди келеді.

the-pianist

Шетелдік қонақтар Астанада 22-28 шілдеде өтетін XIII “Еуразия” халықаралық кинофестиваліне келмек, деп хабарлайды Sputnik.

“XIII “Еуразия” халықаралық кинофестивалі 2016-2017 жылдары түсірілген фильмдерді кең көлемде назарларыңызға ұсынады.  Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметражды және қысқа метражды картиналар, авторлық және жанрлық фильмдер кіреді. Қазақстанның, Орта Азияның фильмдері көрсетіліп, “Тұлпар” ұлттық сыйлығы ұсынылады.

Кинофестивалге Николас Кейдж, Джон Малкович және Эдриан Броуди, америкалық актриса Бай Лин, продюсер Марко Мюллер келеді”, — деп хабарлайды фестиваль ұйымдастырушылары.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

БҚО-да қарша жауған алып бұршақ тұрғындардың зәресін алды (фото, видео)

4-сынып оқулығы қазақты үш жүзге бөліп тастаған

Талқылау