Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Леонардо Ди Каприо жабайы жолбарыстың Қазақстанға қайта оралатынын айтты

“Инстаграмдағы” парақшасында сүйінші сұраған ол “Қазақстан осыдан жарты ғасыр бұрын жоғалған тұран жолбарысын Орта Азияда қайта түлететін алғашқы мемлекет” деп ағынан ақтарылды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Кеудесін қуаныш кернеген әйгілі актердің айтуынша, Қазақстан жолбарыстарды көбейтуді қолға алатын болса жабайы табиғат қалпына келіп, сиреп бара жатқан жануарларды қорғауға зор үлес қосады.

Естеріңізге салсақ, жақында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жолбарыстарды тарихи отанында тарату бағдарламасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Әзірге түз тағысының алғашқы жұптарын алып келгенше таралу аймағаның экожүйесі қалпына келтірілмек.


Жіберіп алмаңыз:

“Еуровидение-2017” байқауының жеңімпазы өлім аузында жатыр

Роза Әлқожа: Орамал бір рулы елдің үмітін ұмыттырмайды

Сая Оразғалиева: Жағымсыз өзгерістердің өзі бақытқа бөлейтін болады

Жеңіс Ысқақова басына қонып алған дәуітті көрсетіп мақтанды (видео)

Талқылау