Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд жұлдызы Геннадий Головкиннің ұлы боксшы екенін мойындады

Танымал актер Сильвестр Сталлоне қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің ұлы боксшы екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сильвестр Сталлоне Instagram желісіндегі парақшасында Геннадий Головкиннің суретін жариялады. Өз жазбасында актер Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуін күтіп жүргенін жазды.

«GGG – ұлы боксшы! Бокс әлемінде барлығы сендердің қарымта кездесулеріңді күтіп жүр. Тамаша футболка», – деп жазды Сталлоне.

 

Айта кетсек, Сильвестр Сталлоне – бокстың нағыз жанкүйері. Ол бұған дейін Головкин мен Марко Антонио Рубионың жекпе-жегін тамашалаған. Сонымен қатар ол Головкиннің қарсыласы «Канеломен» бірге жарнамалық роликтерге түскен.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі 5 мамырда  Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді.

Оқи отырыңыз:

Бердібек Сапарбаев Азия чемпионы Нұрислам Санаевқа пәтер сыйлады

Головкин қарсыласы «Канеломен» қарымта кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Жекпе-жекке дайындалып жатқан «Канело» Головкинді балағаттап жіберді (видео)

Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

Талқылау