Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд актеры Антон Ельчин қайтыс болды

Америка актеры Антон Ельчин 19 маусымда, жексенбі күні таңертең жол апатынан қайтыс болды.

313384f446c7a425ee433451d734e5c8 (1)

Сурет: forum.pravda.com.ua 

Ельчиннің денесін Сан-Фернандо мекенінен достары тауып алған. Оны жоспар бойынша белгіленген кездесуге келмеген соң іздей бастаған. Актердың денесі көлік пен қақпа алдына орналасқан пошта жәшігінің арасынан табылған.

Әртіс Чеховтың «Жұлдызды жол», «Стартрек: Возмездие» таспаларында жұлдызды ұшқыштың рөлін сомдаған. Шілдеде оның қатысуымен түсірілген «Стартрек: Бесконечность» фильмі көрерменге жол тартпақ. Бұдан бөлек ол «Альфа Дог», «Терминатор: Да придет спаситель», «Нью-Йорк, я люблю тебя» атты фильмдерде ойнаған.

Ельчин 1989 жылы 11 наурызда Ленинградта еврейлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Виктор Ельчин мен мен анасы ирина Корина мәнерлеп сырғанаудан кәсіби жұп болып өнер көрсеткен. Антон 6 айға толғанда олар АҚШ-қа көшіп кеткен. 1990 жылдардың соңында Ельчин сериалдар мен фильмдерге түсе бастаған. Тіпті өз еркңмен Гарри Поттердің рөлін сомдап көрген.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістандық кинотеатрда қорқынышты фильм көргеннен кейін қайтыс болды

Украина – Солтүстік Ирландия матчы кезінде жанкүйерлердің бірі көз жұмды

Талқылау