Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голландиялық телеарна жерге құлай кеткен “МЮ” бапкері туралы әзіл пародия түсірді (видео)

Футболдан ағылшын чемпионатында “Манчестер Юнайтед” пен “Арсенал” кездесіп қызылдар 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Кездесу барысында төрешінің жұмысына көңілі толмаған, “МЮ” бапкері Луи Ван Галь алаңда орын алған жағдайды құлап көрсетіп берді.

181818

Сурет football.ua

Голландиялық маман алаңдағы бас төрешінің тікелей өзімен емес, алаң жиегіндегі төрешінің көмекшісі – қадағалаушы маманмен ерегесіп қалды. Оның ашулануына “Арсенал” шабуылшысы Алексис Санчестің симулияциясы себеп болған.

Осы көрініске орай, тіпті голландиялық бір телеарна пародия түсіріп те үлгеріпті.

Кейінірек, бас бапкердің бұл әрекеті интернеттегі әзіл-суреттерге арқау болып шыға келді.

121212 131313 141414 151515

Талқылау