Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голландия спортшысы тұлпарын құтқару үшін Олимпиада ойындарынан бас тартты (Фото)

Қалай ойлайсыз, шынайы достық бағалырақ па әлде Олимпиада жүлдесі ме? Ат спортынан голландия чемпионы Аделинде Корнелиссен үшін оның ең жақын досы Парцифальдің өмірі мен денсаулығы әлемнің барлық мақтау-марапаттарынан маңызды.

16398665-13466293_1399415780072337_7436434463424945222_n-1470989299-650-02295cbd98-1470999232
Фото: © Adelinde Cornelissen

Бұл туралы AdMe.ru редакциясы жазған.

Жамандық айтып келмейді. Аделинде мен оның тұлпары Олимпиадаға қатысу үшін Риоға келген болатын. Парцифальді улы жәндік шағып алғанға дейін бәрі де ойдағыдай болатын. Ақырында байғүс аттың басы ісініп, дене қызуы көтерілген.
16398565-64273_1009790249034894_5721315940055928687_n-1470990976-650-8178bef6b9-1470999232

Фото: © Adelinde Cornelissen

Ветеринарлар жануарға жедел көмек көрсетті. Қуанышқа орай, аттың жағдайы жақсарған. Аделинденің қорыққандығы соншалық, ол досын бір минутқа да жалғыз қалдырған жоқ. Атқорада түнеп, сағат сайын Парцифальдің денсаулығын қадағалап тұрған. Жақсы күтімнің арқасында жануар тез-ақ аяққа тұрды.

16403015-10430849_1009790682368184_4490457707471181776_n-1471006075-650-e8bf0171d9-1471006130
  Фото: © Adelinde Cornelissen

Спортшы өз командасын жерге қаратпау үшін Олимпиададағы ойынын жалғастырды. Алайда аттың денсаулығы әрі қарай сайысқа қатысуына мүмкіндік бермеді. Аделинде досының осалдығын байқап, оны сайыстан шеттетпесе, ол жануардың денсаулығына кері әсерін тигізе ме деп қорықты. Сол себепті ол тәуекелге барудан бас тартып, Парцифальдің денсаулығы үшін Олимпиадаға қатысудан бас тартты.

16398415-393160_581342698546320_1796477013_n-1470990123-650-cf75b0e88e-1470999232
Фото: © Adelinde Cornelissen

Аделинде өзінің фейсбуктегі парақшасында: «Оны қорғау үшін жеңілдім. Менің досым, менің атым мен үшін бәрін құрбан еткен болатын, сондықтан қажет кезде оны қолданғаным дұрыс емес. Парцифаль ондайға лайық емес. Дәл осы себеппен көрерменмен қош айтыстым. Парцифильдің өміріне қауіп төндіруге ештеңе де, тіпті Олимпиада медалі де тұрмайды», – деп жазған.

Жіберіп алмаңыз: 

Олимпиада чемпионы сыйақысын қайырымдылыққа жұмсамақ

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Риода ерекше ойын көрсетті (видео)

Талқылау