Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гога Ашкенази ұлдарының неліктен өзімен бірге тұрмайтынын айтты

Қазақстанда туған танымал тұлға Гога Ашкенази жуырда берген сұхбаттарының бірінде өзінің отбасылық өмірі туралы ашып айтқан.

ымымымым

Сурет kapital.kz

Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Миланда тұратын, сән үйінің ісін дөңгелетіп отырған ханым, ұлдары туралы да баяндап беріпті. Үлкен ұлы Адам 8 жасқа, кішісі Алан 4 жасқа толған. Олар Лондонда жеке күтушінің қарауында 28 миллион фунт стерлин тұратын үйде тұрып жатыр. Ұлдары аналарын тек демалыс күндері көре алады. Ал Гога Ашкенази оларға жеке ұшағымен барып тұрады екен.

“Әрине, Миланда болғандықтан балаларымды қатты сағынамын. Олар туралы үнемі ойлаймын, бірақ, өкінішке орай мұнда мектеп жоқ”, – дейді 36 жастағы әйел. Бай әрі жалғыз Гога балаларымен бірге жазғы демалыс кезінде бірге болатынын айтады.

“Мен еңбек ететін әрі балалар тәрбиелейтін әйелдерге таңырқаймын. Маған отбасым қатты көмектеседі, бірақ, екі қалада болғандықтан бұл зиянын тигізеді. Балалармен үнемі Миланда бірге тұру, бұл қиын”, – дейді Оксфордтың білімін алған Ашкенази.

Талқылау