Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гиннестің рекордтар кітабына енген ауыр салмақты адамдардың бүгінгі қал-жағдайы (фото)

Ауыр салмақты адамдардың өмір сүруінің өзі қиынға соғатынын жақсы білеміз. Оларға артық салмақтан арылу үшін, диета ұстаудың өзі оңайға соқпайды. Ал, ауыр салмақты адамдардың ұзақ өмір сүре алмайтыны да белгілі.

56efc3c4f38bc_5718

Бұған дейін 400 келі болатын ең ауыр салмақты Қолумбия азаматы Оскар Васкес Моралес ауруханаға өрт сөндіру көлігімен жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз. Оны көлікке 20 ер адам көтеріп мінгізген еді.

 

Безымянный

Сурет: Faisal Al Nasser / Reuters

Ал, 2013 жылы әлемдегі ең ауыр салмақты Халида бин Мохсена Шааридің Араб әмірлігінің патшасы Абдулланың бұйрығымен ауруханаға жеткізілген еді. 22 жастағы Халид ол кезде денесін қозғалта алмағандықтан 2 жыл уақыт бойы үйінен шықпаған.

Дәрігерлер оның салмағы 610 келіге жетіп, рекордты көрсеткішке жеткенін айтқан. Оған дейін ондай үлкен салмақта ешкім болмаған. Оның үстіне оның дене массасы да – 204-ті құраған.

Ол екі есе салмаққа, 320 келіге арықтай алды. Сондықтан ол қазір әлемдегі ең ауыр салмақтағы адам емес. Алайда, ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.

948399

 

2dc75539d90c11b48c2869b2e15858a8

Техас тұрғыны 35 жастағы Майра Розалес 470 келіден 91 келіге дейін салмақ тастады.

Майра 2008 жылы жиен баласын өлтірді деген күдікпен танылған еді. Алайда, кейіннен оның кінәсі жоқ екені анықталды. Жиенін өз анасы, яғни Майраның әпкесі өлтіргені белгілі болды. Әпкесі баласын тамақ жемегені үшін шашқа арналған щеткамен ұрған екен. Әпкесі 15 жылға бас бостандығынан айырылған соң, Майраға оның балаларын қарау керек болған. Оның осынша салмақ тастауына да осы жайт себепші болған.

Ол бірнеше телешоуларға да қатысты. Бүгінде семіздікті емдейтін арнайы клиникада кеңесші қызметін атқарады.

Әлемдегі ең ауыр салмақтағы жасөспірім Ресейде тұрады. Джамбулат Хатоковтың салмағы 1 жасында 17 келі болған. Ал, бірінші сыныпқа барғанда салмағы 115 келіге жеткен. Қазір салмағы – 226 келі.

pic_bb8d2c1e0bdd6789c0dbaa76a8d84f39

Джамбулаттың анасының айтуынша, оның үлкен салмақтылығы тұқымында болған. Оның атасы кезінде сондай алып болып, ел арасына «Батыр» атанып кеткен екен. Ата-анасы баласына диета ұстандырмақ болғанымен, баласы оған көнбепті. Ол өзінің артық салмағына қатысты ешқандай шағым айтпайды екен. Джамбулат 16 жасында деректі фильмдер мен шоуларға қатысты. Жапония мен Ұлыбритания елдеріне шақырылды. Ол болашақта сумо балуаны болып, олимпиадада жеңіске жетуді көздейді.

pic_1d7c74decdb81e8d80d8a60a21a49952

Ұлыбритания азаматы Пол Мейсон ең ауыр салмақтылар ішіндегі ең егде жастағысы. Ол 56 жаста. Өзінің айтуынша, ол 20 жасынан бастап тола бастаған. Оған бала күніндегі алған жарақаттары себеп. 2010 жылы Пол 444 келі болды. Сондықтан ол асқазанын кішірейту үшін ота жасауға бел байлады.

щ

Сурет: Пол Мейсонның Facebook-тегі жеке парақшасынан

Оның ота жасауына 40 жастағы Ребекка Маунтин себепші болған. Пол 50 келі ғана болатын Ребеккаға тұрмысқа шығу жөнінде ұсыныс жасап, келісімін алған болатын.

Ота жасалған соң 5 жыл өткеннен кейін Пол 120 келіге дейін арықтады. Одан кейін 21 келі артық теріні алып тастау отасын жасату керек болды.

Алайда, 2015 жылы Пол мен Ребекка ажырасатындарын жариялады. Бірақ, қазір достық қатынасты сақтап қалғанға ұқсайды.

pic_a5260e9e1f3e3f8630ded87a96ac2f1f

Әлемдегі ең көп салмақ тастаған америкалық Джон Брауэр Миннок 630 келі салмақта болған.

Джон 1978 жылы 37 жасында жүрек-тыныс жолдарының ауырлығынан ауруханаға тұскен. Оны ауруханаға жеткізу үшін оннан аса өрт сөндіру құралы керек болған. Ол 419 келі тастап, салмағы 245 келі болды. Бұл ерлер арасындағы ең көп салмақ тастаған рекордты көрсеткіш. Ол 1981 жылы 432 салмақпен қайта аурханаға түсті. Дәрігерлер оның ауруын жазылмас дертке жатқызды. Ақырында Джон 1983 жылы 41 жасында 362 салмақта қайтыс болды. Ол адамзат тарихындағы ең ауыр салмақтағы адам ретіне тізімде әлі бар.

Талқылау