Гиннес кітабына тіркелген қазақстандық рекордтар (фото)

Жұма, 26 Ақпан , 2016 14:48

Қазақстан Гиннестің рекордтар кітабына теңізге шыға алмайтын, әлемдегі ірі мемлекет ретінде енген. Бірақ, бұл біздің елімізге байланысты бір ғана рекорд емес.

9abb8bec659317d46c340b4e369e8fb4

Сурет turistu.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

2011 жылы желтоқсан айының басында Қазақстан географиялық қоғамдастығының мүшелері бірінші рет Оңтүстік полюске саяхат жасады. Олар Кейптауннан Новолазаревская станциясына дейін ұшып барып, әрі қарай көлікпен кетті. Біздің ғалымдар 2308 шақырымды 108 сағатта жүріп өтті. Кей кездерде тым боранды ауа-райының кесірінен жиі-жиі GPS көмегіне сүйенуге тура келген.

7b0b036244c84e9144a557e97c94b5ae

Қайтар жол қазақстандықтар үшін нағыз сынақ болған. Екі көлік сынып қалып, үшінші көлікпен оларды сүйреуге мәжбүр болады. 20 желтоқсанда экспедицияға қатысушылар Новолазаревская станциясына сәтті оралған. Ал 28-ші желтоқсан күні Қазақстанға жетті. Осы сапар арқылы қазақстандықтардың әлемдік рекордтар кітабына кіру мүмкіншілігі болды. Нәтижесінде, Лондонда бір жыл бойы қаралып, ақыры қазақстандықтарға рекордтар кітабына кіргенін растайтын сертификат табысталды.

“Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығы әлемдегі шатырлы ең биік ғимарат ретінде Гиннес рекордтар кітабына кірген. Оның биіктігі – 150 метр. Сондай-ақ, 2012 жылы 16 желтоқсанда қара жорға ұлттық биін бір мезетте 400 адам билеп рекорд орнатты. e3cc5dd50145d1e22fa052b100b5e905

Бұдан бөлек, “Хан Шатырда” әлемдегі ең үлкен ет асылды. Рас, Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілдері бұл үшін аттың пайдаланылуына қарсы болған. Олармен бұл мәселені шеше алғанымен, бірақ, рекорд бәрібір саналмады.

Әйтсе де бұл мақсат ақыры орындалды. 2015 жылы 6 шілдеде Астана қаласының 17 жылдығына орай салмағы 736 келі тартатын ет тамағы асылды. Айтпақшы, бұл жолы атты союға рұқсат етілді. Тамақ үшін үлкен тайқазан Түркістаннан арнайы әкелінді. Онда 700 келі ет, 17 қап пияз, 300 келі қамыр жұмсалды. Әлемдік рекордтар кітабының өкілдері рекордты “Мемлекеттің басты ұлттық тағамының дайындалуы” деген атаумен тіркеді.

2c509f7dcec2d35f88d8d8b00c870f55

Ал 2015 жылы 1 мамырда Алматыда әлемдегі ең үлкен лағман тамағы әзірленді. Оның салмағы 687 келі болды. Бұл тағамды дайындауға 30 аспаз жұмылдырылған. Тағам құрамын толықтыру үшін – 250 келі ұн, 200 келі көкөніс, 120 келі ет және 50 литр май пайдаланылыпты.

4d7b724a2ba3d2ca2adf9024df41b06a

Ал 2014 жылдың 7 қыркүйегінде Алматыда салмағы 856 келіге жеткізілген бауырсақ дайындалған болатын.

f0f43184920f9cc33a8073b052944902

Ал ең үлкен қазы Қытайдағы қазақ отбасында дайындалды. Болат Бейнеұлы мен Гүлзат Азанбекқызы жылқының қазысынан ұзындығы 100 метр болатын тағам әзірлеп шыққан. Ал салмағы 1 тоннаға жетіпті. Олар рекордтың Қытай мемлекеті атынан жариялануына қарсы болып, Гиннестің рекордтар кітабына “Қазақ халқының ұлттық тағамы” деп тіркеткен.

b7777f489e3fdabae8c909e85c0e0d09

Жалпы, Қытайдағы қазақтар ұлттық құндылықтарға сергек қарайды. 2010 жылы 10 мың домбырашы бір сәтте “Кеңес” күйін тартып рекорд жасаған. Ал 2012 жылы Болатбек Кәрімханұлы әлемдегі ең кішкентай домбыраны жасап шықты. Оның ұзындығы 45 миллиметр, ал ені 14 миллиметр.

b74a283eb98c19d61b1693e50ea7aead

2015 жылы қазақстандық сиқыршы Руслан Иванченков Италиядағы әлем чемпионатына қатысты. Өз күшіне сенген ол бес сағат бойы сиқыр көрсете аламын деген. Сәйкесінше ол сөзінде тұрған.

ad84c567e54886726fa7f3a8418c30aa

Әр жыл сайын Гиннестің рекордтар кітабы жаңа рекордтармен толығып отырады. Әйгілі кітапта қазақстандықтардың да есімі көбейе түседі деген сенімдеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар