Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гималай тауынан 16 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистердің денесі табылды

Гималай тауынан 16 жыл бұрын жоғалып кеткен альпинистердің денесі табылды. Олар америкалық альпинистер Алекс Лоу мен Дэвид Бриджес. Алекс Лоу өз уақытында әлемдегі ең мықты альпинистердің бірі болған еді.

20160502102835

Сурет: www.inform.kz

1999 жылы қазан айында Лоу мен Бриджес 8 мың метр биіктіктегі Шишабангма шыңына шыққан спортшыны  құтқармақ болып, көшкіннің астында қалып қойған. Өткен аптада олардың денесін екі альпинист тауып алған. Кейін олар Алекс Лоудың жесіріне хабарласқан. Дженнифер Лоу-Анкер қаза болған альпинстерді киімдері мен құралдарына қарап таныды.

Айта кетейік, Шишабангма шыңы биіктігі бойынша әлемдегі 14-ші тау болып саналады.

Талқылау