Гигиеналық тұрғыдан сақалды ер адамдар әлдеқайда таза деп танылды

Сақал қойған ер адамдарға қарағанда сақал қоймаған ер адамдардың бетінде бактерия көп болады екен. Сақалы барлардың бетінде анау-мынау ірің туғызатын зиянкестер өмір сүре алмайды. Бұл туралы Лондон Университетінің оқытушысы Адам Робертс хабарлаған.

____________________

Ғалымдар сақалды еркектен алынған бактериялардың жүздеген тұқымын арнайы ыдысқа салып, еккен. Робертс, зерттеу барысында бірқатар бактериялардың өзге белсенді бактерияларды жаныштап басып тастайтынын байқаған.

Бәсекелестік арқылы бактериялардың бір-бірін жайпауы токсин өндіруі мүмкін. Робертс, эксперимент кезінде эпидермальды стафилококк зиянды ішек таяқшаларын жоқ қылып жіберді деп болжайды.

Ішек таяқшалары адамның несеп-жыныстық жүйесіне зақым келтіруі мұмкін. Робертстің айтуы бойынша, тап-таза болып қырынған ер адамда эпидермальды стафилококк аз кездеседі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар