Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германович Олимпиада ойындарының келесі кезеңіне өтті

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының академиялық ескек есу жеке сайысында қазақстандық спортшы Светлана Германович Е финалына шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

светлана

Өз тобында Светлана 8:29.18 нәтижемен бірінші орынға ие болды. Ол жарыс жолында Индонезия, Банама және Того елінен келген қарсыластарынан басым түсті. Жарыстың келесі кезеңіне шығатын спортшылар 10-11 тамыз күні анықталады. Ал 12 тамызда Рио-де-Жанейро қаласының Лагоа стадионында Е финалы өтеді.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынып жатыр.
Төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғайды.

Талқылау