Германияның азаматы Қазақстанға велосипедпен саяхаттап келді
Велосипедпен саяхаттауды жақсы көретін германиялық Ферри Вайкерт Қазақстанға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды
Қазақстандағы Германияның елшілігі өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 21 жастағы саяхатшы жайлы жазба қалдырды.
“Достар, велосипедпен әлемді шарлауға бел буар ма едіңіз? Ал 21 жастағы Ферри Вайкерт велосипедпен саяхаттап, ол жайында өзінің @bike_the_world парақшасында жазып отырады. Жақында ол Қызылордаға келіп, сол жерде тұратын Самат есімді жігітпен танысты. Жергілікті тұрғын оны қонаққа шақырып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызып, қаланы көрсетіпті! Ферри қазақтың қонақжайлығына тәнті болды! Осылай бір адам арқылы бүкіл елмен, мәдениетпен, дәстүрмен танысып шығуға болады”,— деп жазылған жазбада.
Ферри Вайкерт саяхаттап барған әр елін Instagram желісіндегі парақшасына салады. Қазақстан саяхатшының велосипедпен келген алтыншы елі екен.
“Нөмірі алтыншы елге қош келдіңіз: Қазақстан”, — деп жазды ол парақшасында.
“Менің Қазақстанмен кездесудегі алғашқы әсерім ойымнан шықты. Осындай пейзажға жеткенім үшін өте қуаныштымын”, —дейді Ферри Вайкерт.
Ол біздің елге саяхатқа 2018 жылдың 20 мамырында шыққан.