Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиялық мотобайкерлер қазақтың ет тамағын жеу үшін арнайы келген

Екі шетелдік турист Астана күні қарсаңында Шымкентке қонақ болды. Саяхатшылар бір ай бұрын Германиядан шыққан. Олар екі ай уақыт ішінде бүкіл Евразия даласын аралап өтуді жоспарлап отыр.

мото

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Вальдемар мен Эдуард Фризендер Шымкентке Баден-Баденадан келген. Ағайындылар бір ай ішінде Польша, Литва, Латвия және Ресей жерін басып өтіпті. Олар бұл өлкелер үлкен сапардың кіші бөлігі ғана дейді.

“Біздің жолымыз Ресейге қарай кері қайтады. Ол жақтан Грузия, Грекия, Югаславияға сапарлап, сосын үйге қайитамыз”, – дедйді олар.

Туристерді Қазақстанмен көп нәрсе байланыстырады екен. Олар Қостанай облысында туғанымен, 20 жыл бұрын Германияға қоныс аударған. Фризендер туған қалалары ол уақыттан бері қатты өзгергенін айтады.

“Қазіргі уақытпен салыстыратын болсақ, ол уақытта 90 жылдары үйлер мен ғимараттардың бәрі қаңырап бос тұратын. Ал қазір керісінше гүлденіп, өркендеп жатыр. Жаңа үйлер, ғимараттар, кафелер мен түрлі сауық орталықтары бар”, – дейді Вальдемар.

Оларды Қазақстанға жетелеп алып келген тағы бір себеп – ол ұлттық асхана екен. Вальдемар қазақтың ет тамағын ұмыту мүмкін емес дейді.

ммм

“Қазақтың ұлттық асханасын мен бала кезімнен білемін. Үйде анамыз қазақша ет тағамын әзірлеп беретін. Мұнда да біз мейрамханаларда сол тамаққа тапсырыс беріп, қуана-қуана дәм татып жатырмыз”, – дейді олар.

Бұған дейін Жапониялық саяхатшыны Шымкент адамдарының қатты таңқалдырғаны туралы жазған едік.

Талқылау