Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиядағы пойыз апатынан көз жұмғандар саны 8-ге жетті (видео)

Бавариядағы пойыздардың қақтығысынан болған апатта көз жұмған адам саны 8-ге жетті. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Бұған дейін апаттан 4 адамның қайтыс болғаны хабарланған.

xw_1212058

Сурет www.vesti.ru сайтынан алынды

ГФР федералды полиция өкілі Райнер Шарфтың хабарлауынша, апатта 90 адам зардап шеккен. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр. Неміс БАҚ өкілдерінің мәліметінше, зардап шегушілер саны 150-дей болуы мүмкін.

Полицейлер апат болған жерде әлі тексеріс жүріп, құрбан болғандар саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Апат сейсенбі күні таңертең Баварияның Бад-Айблинг курортты қаласына жақын маңда болған. Қазір оқиға орнына 100-дей құтқарушылар мен дәрігерлер және бірнеше тікұшақтар жұмылдырылған.

Апат аймақтық пойыздардың бір-біріне қарсы келгенінен болған. Оқиғаның  себептері анықталып жатыр.

Талқылау