Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда жеткіншек өзіне дос «сатып алу» үшін қатарластарына 10 мың евро таратты

Германияның Бад-Тёльц қаласында кәмілетке толмаған жеткіншек ақшаға дос сатып алмақшы болды.

euro_500_02345500

13 жастағы жеткіншек ата-анасының 10 мың евросын алып, жасырып қояды. Ертеңіне футбол клубындағы таныстарына таратып береді. Олардың әрқайсысына 100-2400 евродан тиген.

Бұны білген ата-анасы полицияға шағымданған. Ақша алғандардың жартысы өз еркімен ақшаны қайтары берген. Полицейлер 4,5 мың евроны жинап алды. Қалған 6 мың евроны жинай алмады. Олар ақшаны ұрлап алмағандықтан қылмыстық іс қозғалмайды. Сондықтан ақшаны өз еркімен берсе ғана қайтара алады. 10 мың евро дегеніміз шамамен 3 млн 720 мың теңгеге тең.

Тағы да оқыңыз:

Непалда етеккіріне бола бөлек үйшікке қамап қойған қыз жылан уынан көз жұмды

Анасы 3 жасар қызына сонша ботқа жегізіп өлтіріп алды

Тибетте су тасқынынан бес қабатты үй артқа қарай құлап түсті (видео)

Талқылау