Германияда жүріп бара жатқан пойыз астына жатып қалған 91 жастағы әйел аман қалды

Сәрсенбі, 1 Маусым , 2016 14:18

 Германияда 91 жастағы зейнеткер әйел пойыз жолдан өтіп үлгермейтінін білгеннен кейін релсь арасына жата қалған. Әйел жатқан жолақтың бойымен үлкен жылдамдықпен пойыз өткен. The Local басылымы зейнеткер ешқандай да ауыр жарақат алмаған деп жазады.

поезд

Есімі айтылмаған зейнеткер  Лангведел бекеті жанында пойыз жолды кесіп өтіпекші болаған. 91 жастағы әйелдің қолында сүйеніп жүретін төрт аяқты темірі бар еді.  Әйел өтпекші болған жолақта сағатына 160 километрлік жылдамдықпен пойыз келе жатқан. Келесі бетке өтіп үлгермесін түсінген әйел қолындағы темірін үстіне қойып, рельс арасына жата қалады.

Басылымның хабарлауынша  пойыз жүргізушісі соққы дауысын естіген, тек қараусыз жануарды бастым деп ойлаған. Тоқтаған жерде жүргізуші түсіп  пойыздың асты қаншалықты майысқанын көрмек болған. Алайда ол жерден арық әйелдің пойыз дөңгелектерінің ортасындағы темірге жабысып тұрғанын көріп, қорқып кетеді.

Кейіннен анық болғандай осы жол бойымен басқа пойызды басқарып кележатқан азамат рельстер арасына жата қалған әйелді көріп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Дәрігерлер 91 жастағы зейнеткердің денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілмегенін айтады.

Полицейлер мұндай жағдайда адамның жарақатсыз, аман қалғанын бірінші рет көргендерін айтып таң қалған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар