Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда қытайлық турист тіл білмегенінің салдарынан босқынға айналды

Қытайлық турист Германияның Дортмунд қаласындағы көші-қон орталығында екі апта бойы жүрді. Ол әмиянын ұрлатып алғанын жөнінде хабарлағысы келіп, полицияға емес, көші-қон қызметіне барған.

_90719260_dabab375-37d9-4986-ac0e-eedaa23fb62d

Сурет: Getty Images

Ол жерде тіл білмегенінің салдарынан қателесіп босқын ретінде тіркелген.

31 жастағы қытайлық азамат неміс тілінде де, ағылшын тілінде де сөйлей алмаған. Ол медициналық тексерістен өтіп, сауалнама толтырған. Саусағынан қан да тапсырған. Сосын  паспорты мен шенген визасын алып, оны мигранттарға арналған орынға орналастырған.

Ол жатын орны мен тамағын өз қалтасынан төлеген. Бір қызметші оның босқын емес екенін түріне қарап білген. Ақырында қытай тілінің аудармашысы арқылы оның турист екені анықталған. Ол Европа елдеріне аралай келе, Германиядан соң Италия мен Францияға сапар шекпек болған екен.

Соңында оған әрі қарай саяхаттауға рұқсат берілді. Қытайлық турист Европаны бұлай елестетпегенін айтқаннан басқа ешқандай наразылық білдірмеген.

Жіберіп алмаңыз:

Сириялық босқын қыз Германияның “шарап ханшайымы” атанды

Бельгиялық босқын жуынып алу үшін үйіне кіргізген дінбасыны пышақтады

Қазаққа үйленген босқын осы елдің азаматтығын алуды армандайды

Талқылау