Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда қазақстандық әйелдің баласын тартып алды

Германияда қамқорлық органы Қазақстан азаматшасының баласын тартып алды. Оған анасының қызын ұруы себеп болған, деп хабарлайды Қазақпарат.

Германияда қазақстандық әйелдің баласын тартып алды

“Бұл жағдай бірнеше апта бұрын болды. Қазір анасы мен баласы адвокатпен бірлесіп сотқа құжат дайндап жатыр. Өкінішке не бақытқа орай Германияда заң осындай. Ата-ана баласын жазаламауы тиіс. Қазір тергеу жүруде. Бүлдіршін балалар үйінде. Біз анасы мен баласының қосылуы үшін бар күшімізді саламыз. Елшіміз баламен, анасымен сөйлесті. Үнемі тығыс байланыс ұстап отыр”, – дейді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Айтуынша неміс БАҚ өкілдері анасының баласын мектепке жіберер алдында ұрғанын жазған. Бұл туралы қызы мектепте айтып берген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау