Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда ерекше үй сынақтан өтіп жатыр (Видео)

Немістің Штутгарт қаласының орталығында мамандар экологиялық технологиялар бойынша электр энергиясын өздігінше шығаратын үй салд. Электр энергиясын үй шатырында орналасқан фотоэлектрлік күн панелінен алады.

 

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

Сәулетшілер айтқандай, үй электр энергиясын қажет мөлшерден екі есе көп өндіре алады.

Панельдер электр энергиясының мол бөлетіндей қылып бекітілді. Электр энергиясының қалдығы электромобильдерді зарядтау және өзге де қажеттіліктер үшін пайдаланылады.

Үйдің іші реттелетін жылыту және электр жүйелерімен жабдықталған. Ол компьютерлік қосымша арқылы басқарылады.  Ерекше және экологиялық таза үй оны сақтауда ақшаны үнемдеп қана қоймай, қалған электр энергиясы арқылы табысқа да қол жеткізе алады.

Пайдаланылмай артық қалған электр энергиясы жақын маңдағы мұражайды жылумен қамтып, бір бөлігі қалалық желіге жеткізіледі.

 

Талқылау