Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда ер адам кинотеатрға келушілерге оқ жаудырды

Немістің Фирнхайм қаласында белгісіз ер адам кинотеатрға келушілерге оқ жаудырған. Жараланғандардың нақты саны белгісіз.

photo_188310

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Шамамен 20 немесе 50 шақты адам жарақат алған болуы мүмкін. Дерек бойынша ер адам Kinopolis кинотеатрына 15:00 шамасында кіріп келіп, қолындағы қарумен оқ атқан. Куәгерлер оның бетперде киіп алғанын айтты.

Атыс бастала салысымен айқай-шу болып, келушілердің барлығы сыртқа қашқан. Ер адамның өзі полиция қоршауға алған ғимараттан қашып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіп сақшылары арнайы операцияның арқасында ер адамның көзін жойған.

Талқылау