Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда босқындар қонақүйлерге орналастырылатын  болды

Германия билігі орын тапшылығына байланысты босқындарды қонақүйге орналастыратын болды. Ел шенеуніктері Grand City Hotels қонақүй желісімен 600 миллион евроға жуық келісім жасасқан.

epa04854097 Migrants wait on the Greek side of the border to enter in Macedonia near city of Gevgelija, The Former Yugoslav Republic of Macedonia, 20 July 2015. Thousands of migrants who crossed Greece are on their way through Macedonia towards Serbia in order to access other European countries. Hungary in mid-July started to put up a fence on its border with Serbia, which makes the situation with the migrants in the transit countries even more complicated. The European countries on 20 July will discuss the quota of how many migrants each country should accept.  EPA/GEORGI LICOVSKI

Сурет telegraf.com.ua сайтынан алынды.

Мұнда 10 мың адам жайғастырылмақ. Бір босқынның қонақүйде тұруына күніне 50 евро, жылына 18 мың евро жұмсалады екен.

Босқындарды “Бәрі қамтылған” жүйесі бойынша орналастырмақ. Сондай-ақ, олардың неміс өлкесіне тез бейімделіп кетуіне бар жағдай жасалады. Келісім бойынша қонақүй желісі 22 қонақүй беретін болған.

2015 жылы босқындардың көбеюіне байланысты дағдарыс орын алған еді. Мәліметтер бойынша, Европаға жылына 1 миллионға жуық босқын келген. 800 мың адам Түркия мен Греция арқылы өткен. Ол жаққа көбінесе Сирия, Ирак, Ливия, Ауғанстан елдерінен барады. Бұрындары босқындарды қамтыған ЕО лимиттің таусылғанын мәлімдеген еді. БҰҰ-ның мәліметінше, 2016 жылы Евро Одақтың қоныс аударушылар саны екі есеге, ал Евро Одақтың өзінің есебінше үш есеге артпақ.

Талқылау