Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда бір топ адам босқындар орналасқан қонақүйдің өртенгеніне қуанды

Шығыс Германиядағы босқындар орналасқан қонақүйдің өртке оранғанын, жергілікті тұрғындар қуана қабылдаған. Өрт Баутцен қаласында жексенбі күні таңертең басталған.

160221155922_bautzen_fire_promo_640x360_epa_nocredit

Сурет EPA

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, бірқатар тұрғындар өртті сөндірмек болғандарға кедергі келтіруге тырысқан. Саксония жерінің премьер-министрі Станислав Тиллих олардың әрекетін қылмыс деп бағалады.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Алайда, оқиғаның себебін анықтауға әдетте экстремизм актілерін қарайтын мамандар шақырылған. Өрт кесірінен зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бірнеше күн бұрын Клауснице қаласында да жергілікті тұрғындар босқындар мінген автобус жүретін жолды торып, олардың қозғалысына кедергі келтірген еді.160221160245_klausnitz_riot_624x351_epa_nocredit

Баутцен полициясы өрт болған жерге жиналғандардың көпшілігі, оқыс оқиғаға қуанғандарын жасырмады дейді. Жанып кеткен қонақүй ғимаратына босқынды орналастыру жоспарланған екен. Ал Бранденбург ауданында келімсектерге қарсы бағытта парақшалар ілінген.

Талқылау