Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда баласы тартып алынған қазақстандық әйел перзентімен қайта қауышты

Осыдан бір ай бұрын Германияда әлеуметтік қызмет өкілдері қазақстандық әйелдің  баласын тартып алған еді. Қуанышқа орай, ол баласын қайтарып алды.Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Германияда баласы тартып алынған қазақстандық әйел перзентімен қайта қауышты

Смадияровтың сөзінше, қазіргі уақытта бала анасының қасында.

«Оны үйіне жіберді. Сол жерде ол әйелдің қорғаушысы және біздің ешінің әрекеттесуімен үлкен жұмыс атқарылды. Сот отырысы өтіп, оған қорғаушы, анасы мен қызы қатысты. Қызына болған оқиғаның бәрі айтып берілді», – дейді СІМ баспасөз қызметінің өкілі.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Германия билігі қазақстандық отбасының жағдайын түсініп, қызды анасына қайтарып бергенін айтты. Ал Германиядағы Қазақстан елшісі аталған отбасымен тұрақты байланыста.

Айта кетсек, әйел мен қызы – Қазақстан азаматтары, ал күйеуі –Германия азаматы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Германияда қамқорлық органы Қазақстан азаматшасының баласын тартып алған еді. Оған анасының қызын ұруы себеп болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау