Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда әлемдегі ең кішкентай сәби тірі қалды (фото)

Эмилия Грабарчиктің салмағы осыдан 9 ай бұрын тәтті бұрыштан да кем болған. Нақтырақ айтсақ – 8 униция (226, 796 грамм). Десе де, ол аз уақыт ішінде өмірге деген құштарлығының арқасында құрдастарының салмағын “қуып жетті”.

1

Фото: СEN

Бұл туралы Dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.

Германия дәрігерлері оған “кішкене сарбаз” деп ат қойған. Ол жаңадан туылған кезде аяғының көлемі адамның бір саусағының тырнағымен бірдей болған екен. Алайда 9 ай ішінде Эмилия өз өмірі үшін күресіп, дәрігерлерді қайран қалдырады. Көптеген жетістіктерге жетеді. Сәби Германияның батысындағы Виттен қаласында дүниеге келген. Жаңадан туылған кезде салмағы – 8 униция (226, 796 г), бойы – 22 см болған.

Мамандар мұндай көрсеткіштермен ол тірі қалмайды деп ойлаған. Бүгінде “кішкене сарбаздың” салмағы – 7 LB 2 oz (3, 237, 3569536 г). Осыған дейін рекорд Чикагоның Лойол медицина университетінде дүниеге келген Румэйса Рахманға тиесілі болатын. Оны анасы жүктілігінің 25-ші аптасында босанған. Туылған кезде бойы – 8 дюйм (20, 32 см), салмағы – 8,6 (243, 8057 г) униция болған.

Германиядағы Әулие Мария ауруханасының балалар мен жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Бахман Джарави Эмилияның таңғажайыптың арқасында аман қалғанын айтады. Оның айтуынша, сәбидің тірі қалуына педиаторлар мен гинекологтар, бала хирургтері бірігіп атсалысқан.  “Дүниеге 14 униция (396, 893 г) салмақпен туылған балалардың өзі тірі қалмай жатады. Өз өмірі үшін күресіп, біздің көмегіміздің қабылдаған Эмилияға алғыс айтуымыз керек. Шамамен, 6 ай бойы оның өмірі қыл үстінде тұрды. Соңғы аптада ғана оның жағдайы тұрақтала бастады”, – дейді дәрігер.

2

Профессор әрі бас акушер Свен Шэрмейр ата-анасының келісімімен жүктіліктің 26 аптасында сәбиді анасының ішінен жарып алған. Себебі, ұрықжолдаста қиындықтар туындап, Эмилия анасының жатырында қоректене алмаған. Әдетте жүктіліктің 26 аптасында сәбидің салмағы 21 уницияға (595, 3395 г) жетуі тиіс. Ал Эмилияныкі небәрі 8 униция (226, 796 г) болған.

Сәбидің ата-анасы Лукас пен Сабин перзентерінің өмірі үшін қандай жағдай болмасын күресуге дайын екендіктерін жеткізіп жатыр. Ал Гарави өз кезегінде жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсіндіріп берген. Қуаныштарына орай, дәл қазір қыздың денсаулығына қауіп төндіретін ешнәрсе жоқ. Бастапқыда Эмилияны медбикелер түтікшенің көмегімен тамақтандырған. Ауырсынуы басылуы үшін мақтаны қант езілген суға батырып, артынша сордырған.

Кейін сәбидің салмағы 12 уницияға (340, 194 г) жеткен кезде оған ота жасалған. “Басымыздан түрлі ауыр күндер өтті. Қайғыдан қан жұттық. Бірақ оның өмірге деген құштарлығының арқасында біз барлығын жеңіп шықтық”, – дейді анасы Грабарчик.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар кесір тілігін жасатудың сәби денсаулығына зиянын айтып өтті

Сәбидің қаны жұқпалы инфекцияны емдеуге қауқарлы болып шықты

Семейде жетілмей туылған сәбилердің мүсінін қатырып мұражайда сақтаған (фото)

Ақтөбеде 41 жастағы ана 14-ші сәбиін өмірге әкелді

Талқылау