Германияда 108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар бөтелке табылды

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 7:01

108 жыл теңізде жүзген ішінде хаты бар бөтелке неміс жағажайынан табылған. Ол хаты бар ең көне бөтелке ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

9OfeV8n9kaU

Сурет konctanciya.info

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бөтелкені 1906 жылы теңіз биологі Джордж Паркер Биддер тәжірибе өткізу барысында суға ағызып жіберген.

Оның ішінде бөтелкені тауып алып Плимут қаласындағы Британ теңіз биологиялық қауымдастығына қайтару жөнінде уақыты көрсетілмеген өтініш хат болған. Қауымдастық бөтелкені тапқан адамға бір шиллинг беруге уәде еткен.

Плимуттегі қауымдастықтың хабарлауынша, сынақ жүргізу кезінде теңізге мыңдаған бөтелке жіберілген. Биддер қатарынан екі жыл бойы ішінде хат салынған бөтелкелер жіберіп, оларды тауып алғандардың орны бойынша ағыс бағытын анықтаған. Көптеген бөтелкелер қайтарылмаған. Ал ең соңғысы теңізде 108 жыл, төрт ай 18 күн болған.

Оны Солтүстік теңізінен тауып алған зейнеткер Мариан Винклер бөтелкені қағазда көрсетілген мекен-жайға жіберіп бір шиллингке ие болды. Бөтелке Британия жағалауынан 500 шақырым алысқа жүзіп барған.

Бұған дейінгі хаты бар бөтелке рекорды 2013 жылы табылды. Ол теңізде 99 жыл 43 күн болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар