Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия тұрғыны әкесінің Қазақстанда бомжға айналған БАҚ-тан көріп шошыған

Теміртаулық 61 жастағы Яков Ноль күн сайын далада қонуға мәжбүр. Оның жағдайы туралы жергілікті журналистерге тұрғындар хабарлаған. Былтырғы жылдың күзінен бастап ауланы паналай бастаған Яковты полицейлер талай рет алып кетіп, әкеліп тастап жүрген.

DSC02952-300x200

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, бұрындары осы жерде оның отбасы тұрған. Үйді сатып жіберген. Ал, оның жаңа иесі қайтыс болған. Яков қабырғасынан басқа ештеңесі қалмаған үйді баспанасына айналдырған.

Бірде сол үйге кірем деп ол аяғын жарақаттап алған. Жедел жәрдем қызметі оны алып кетіп, аяғы сынғанын айтқан. Тіпті, оны туберкулезбен ауыратынын айтып, тұрғындардың флюраға түсуінне кеңес берген.

сс

Журналистер келгеннен кейін Яков бұл ауладан жоғалып кеткен. Есесіне оның қызы табылды. 35 жастағы Светлана Ноль қазір Меммингенде тұрады. Ол әкесін 13 жасында соңғы рет көрген. Әкесі қызы мен әйелін Германияда қалдырып, өзі Теміртауға кетіп қалған екен. Ал, қызы мен әйелі оның жағдайы жақсы деп ойлаған.

«Маған таныстарым газет суреттерін жіберді. Бұл менің әкем. Оның қалайша мұндай күйге түскенін білмеймін. Таңға дейін жылап шықтым. Ол Германияда тұра алмады. Тіл үйренгісі келмеді. Екі жылдан соң көлік алып, Қазақстанға кетіп қалды. Ол жақта пәтері болған. Бізбен дұрыс сөйлеспейтін. Аздап ішімдік ішіп журетін. Не дегенмен әкем ғой. Маған оны табуға көмектесіңіздерші», – дейді Светлана телефонмен сөйлескен сөзінде.

Қазір Яковтың жағдайы қалыпты. Егер оны туыстары алып кетпейтін болса, оны ауруханадан шығарған соң бейімдеу орталығына жібереді.

«Анам екеуміз бөлек тұрамыз. Анам медбике болып қызмет етеді. Мен екі жасар қызыммен жәрдемақыға күн көремміз. Қазақстанға көшіп келетін ақшамыз жоқ. Әкемнің осындай күйге жетуіне туыстары кінәлі. Олар әкемнің үйінің құжаттарын, кілтін алып алған. Енді оны қашан өлер екен деп отыр. Сөйтіп пәтерін иемденбекші. Оның осындай күйге түскеніне таңым бар», – дейді қызы.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда мүгедек жігіт өзін бөтен адамдардың құлдықта ұстап қайыршы еткенін айтты

Талқылау