Германия соғыста тұтқын болған ардагерлерге 1 млн теңге өтемақы төлемек

Жетпіс жылдан кейінгі жарылқау. Германия соғыста тұтқын болған қазақстандықтың әрқайсысына 1 миллион теңгеден  өтемақы бермек, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Сурет: kz.otyrar.kz 

Бұл соманы 1941-1945 жылдары фашистердің тұтқынында болған отандастарымыз ала алады.  Әлеуметтік даму министрлігіне бұл жайлы хабар Сыртқы істер министрлігінен келген. Алайда, 2,5 мың еуро яғни 1  миллион теңгеге қол жеткізу үшін ардагерлер тұтқында болғанын құжатпен дәлелдеуі тиіс.

Қазір облыстық әкімдіктерге соғыс ардагерлеріне сауалнама толтырып өтініш жазуға көмектесу тапсырылған. Себебі, арыз бірден Германияға жіберілмек. Арыз 2017 жылдың 30  қыркүйегіне дейін қабылданады. Жалпы тұтқынға түсіп, азап шеккен ардагерлер санын да сол жергілікті әкімдіктер анықтауы керек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар