Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия Оразада мұсылмандарды салықтан босатты

Рамазан айында Германиядағы ислам нарығы мен мейрамханалары қожайындары салықтан босатылады.

95790968

Сурет: www.info-islam.ru 

Салық жеңілдіктері туралы жарлыққа қол қойған Германия канцлері Ангела Меркель бұл шара Ораза кезінде мұсылмандар үшін азық-түлік бағаларының бағасын төмендеуге бағытталғанын атап айтты.

Ол әртүрлі конфессия өкілдерімен кездесу барысында діндерге ортақ баға берілуі тиістігін жеткізді. Сондай-ақ, Германия мұсылмандарының басым бөлігі ел Конституциясын құрметтейтін саналы азаматтар екенін ескерте кетті.

Еске салсақ, өткен жылғы Рамазанда Ангела Меркель Берлинде өткен мұсылман қауымының ауызашар кешіне қатысып, еуропа халқынан ислам діні мен мұсылмандарға құрмет көрсетуге шақырған болатын. Ол мұсылмандарды «Германияның бөлінбес бөлшегі» деп бағалады.

Жіберіп алмаңыз:

Франция құрамасының футболшыларына ораза ұстауға тыйым салынды

Қытай билігі елдегі коммунистердің ораза ұстауына тыйым салды

Сауд Арабиясы әскерлеріне ораза ұстамауға рұқсат етілді

Талқылау