Германия Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды

Жұма, 12 Тамыз , 2016 17:00

Ауыр атлетикадан Германия құрамасының бас бапкері Оливер Карузо Қазақстанды Олимпиада ойындарынан шеттетуді ұсынды.

pogudx6ht8t1s1rtd.1a85b3ee

Бұл туралы Спорт-экспресс басылымы хабарлайды.

“Болгария мен Ресейді ғана емес, Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Молдова, Белоруссия, Армения мен Румынияны да ойындарға қатыстырмау керек. Олар бүгінде медальға таласып жүр. Аталған елдердің жүйесі дұрыс емес, жемқорлық жайлаған. Мұның бәрін жауып отырған адамдар бар. Мұның қалай жұмыс істейтінін білем, оны маған шетелдік әріптестерім айтты. Допингке тексеретін кезде оларға алдын ала ескертеді”, – деп шағымданған германиялық бапкер.

Оливер Карузоның пікірінше, Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанды Рио-2016 ойындарынан аластатуы тиіс.
“Қазақстан 2012 жылдан кейін 27 рет допингпен ұсталды. Белоруссияда 14 оқиға бар. Олар бәрін алдап отыр”, – деді бапкер.

Еске сала кетейік,  Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза ойындардан аластатылды.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдік БАҚ: Баландиннің жеңісі “манкини” туралы аңыздарды жойды

Олимпиадада ауыр жарақат алған спортшылар (фото, видео)

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Риода ерекше ойын көрсетті (видео)

Ақмола облысында ашылған бассейнге Баландиннің есімі берілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Айкымбат says:

    Адамынын

  • Айкымбат says:

    Жалган акпарат берилген Илья жайлы.акпарат жалган екенин Баримиз билдик кой.неге коймайды осылар Бизге тиicкенiн. Адамын жуйкесi жукарады осындай жаналыктан кейiн

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар