Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия билігі Берлинде қырғын жасаған террорист туралы ақпарат үшін 100 мың евро беруге уәде етті

Германия Федеративтік Республикасының бас прокуратурасы ел азаматтарынан Берлинде қанды қырғын жасаған террористі табуға көмектесулерін сұрауда.

terror_vs

Фото: @MissPatriarch /twitter.com

Бұл туралы НТВ хабарлайды.

Қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 100 мың евро сыйақы берілетіні де айтылып отыр. Бұл ретте бас прокуратура күдікті “қаруланған әрі қауіпті” адам болғандықтан, кімде-кім оны кезіктірсе міндетті түрде полицияға хабар беруі керек дейді.

Еске сала кетсек, 19 желтоқсан күні жүк көлігін тізгіндеген белгісіз адам Берлинде рождестволық мерекеде жүрген адамдар тобын жайпап өткен. Теракт нәтижесінде 12 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жараланған. Терактінің жауапкершілігін “Ислам мемлекеті” тыйым салынған тобы өз мойындарына алған.

Желіде террористің суреті де пайда болды. Ол 24 жастағы Тунис азаматы Анис Амри екен.

Оқи отырыңыз:

Өнерімен ақша тапты: Жас жігіт Париж көшелерінде қазақ тілінде ән айтып тұр (видео)

Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)

Қытайда тойға келген қонақ жігіттер қалыңдықты зорлап қоя жаздады (видео)

Австралияда 11 жастағы бала 6 жасар туған інісін зорлап тастаған

Талқылау