Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гепатиттен қайтыс болған қыздың анасы: жедел жәрдемге ақы төленді

ШҚО, Үржар ауданы, Шолпан ауылында А гепатитінен көз жұмған баланың анасы қызының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен комиссия өкілдері ауыл тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қайтыс болған қыздың анасы Индира Жәнібекованың айтуынша, ата-аналардан гепатитпен ауырған балаларды жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіп, қызмет көрсету үшін ақы алған.

Бірақ, облыстық ақпарат орталығы таратқан мәліметте қыздың анасы оған уақытында көмек көрсете алмағандығы айтылған еді.

«Мен қорытынды сараптаманы күтемін, республикалық комиссия нақты диагнозды анықтап берсе деймін. Мұндай қателіктерді бұдан-былай болдырмау үшін кінәлілер өз жазасын алуы тиіс. Бұл жерде кінә бір ғана  бас дәрігерден кеткен жоқ. Менің қызыма уақытылы дұрыс көмек көрсетілмеді», – деді Индира Жәнібекова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов бұл мәселе бойынша екі құзырлы орган тексеру жүргізіп жатқанын айтты.

«Республикалық комиссия мүшелеріне Индира Жәнібековадан басқа да бірнеше ата-ана жедел жәрдем көлігінің жанармайына және науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекке ақша алынғанын айтып, ауызша шағым түсірген. Бұл мәселенің жай-жапсарын қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары анықтайды. Ал аталмыш шығындарға аудандық аурухана неге қаражат бөлмегенін ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізеді.  Ол тексерістердің нәтижесін қосымша хабарлаймыз», – дейді М.Шоранов.

Айтаа кетйік, бұған дейін ШҚО-да 49 баланың “А” гепатитімен12 баланың ауырғаны жөнінде хабарлаған болатын.

Гепатиттің балалар арасында таралуына жол берген Үржар ауданының бас дәрігері қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыз:

Қоқыстан сәбиді тапқан әйел: Мен жақын маңда болмағанда үстіне қоқыс тасталып өліп кетуі мүмкін еді

Ең қауіпті тағам түрі анықталды

Шымкентте 1 жасар бүлдіршіннің құлағы бетіне біткен

Баланың ыстығын пиязбен де түсіруге болады

Талқылау