Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова омырауына ота жасатқан дегендерге жауап берді

Әсел Сәдуақасованың 16 жастағы суретін көрген жандар актрисаның әлі күнгі дейін өзгермегеніне таңырқайды. Ал соңғы кездері омырауын ашық көрсетіп жүрген Әселдің бұл қылығын көпшілік жақтырмай отыр. Ел назарын қайта аудару үшін актриса төсін үлкейтіп алған деген сыбыс та жоқ емес.

Әсел Сәдуақасова

Алайда Сәдуақасова омырауына ота жасатпағанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Таяуда Еуропаны аралап, Франция мен Германияда болып қайтқан Әсел ашық фотосымен тағы да желіні шулатты.

“Омырауың әдемі екен, бірақ ар-ұятың одан төмендеу”, – деп жазды желідегі “ұятмендер” (ред. Әсел өзіне сын айтқандарды осылай атады).

Әсел омырауын жасатып алған деп күмән келтіргендерге жауап берді.

“Иә, салмақ қосқаным рас. 16 жасымнан бастап мен әртүрлі диеталар ұстадым. Биыл бірінші рет еркінсіп, өзіме уақытша рұқсат бердім. Денсаулығыма еш зиян келтірместен, формама қайтып келемін. Қайта өзім кино түсіремін, сондықтан бұл нәрсе мен үшін қол жетімді.

Ал омырауыма келетін болсақ, өзімдікі, анамнан берілген. Алайда болашақта бала тусам, импланттан бас тартпаймын. Онда тұрған не бар, түсінбеймін. Өзімдікі болмаса, тура солай айтып, мақтан тұтар едім. Бірақ геннің аты ген. Ұятқа келсек, тіпті білмеймін. Ол туралы бөлек пост жазу керек шығар”, – дейді Сәдуақасова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау