Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкинның командасы айқас алдында видео жариялады (видео)

Ресми өлшену кезінде болған сәттен басталған видеода Головкин айқас алдындағы пікірімен бөліскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Геннадий Головкинның командасы айқас алдында видео жариялады

“Егер де сен шынымен нағыз еркек болсаң, нағыз спорттың жанкүйері болсаң әділ спортты қалайсың. Барлығы бокстың кәсіп екенін біледі. Осы жолғы айқас қызықтырақ болады және бәрі шынайы бағаланады деп сенемін. Өйткені спорт пен бокс үшін дұрысы осы. Және әділ айқас болатынына сенемін. Бұл жолы айқасты ұтқым келеді және оның бірнеше жолын білемін. Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын және жеңіске жететініме сенемін”, – деген видеода Головкин.

Естеріңізге салсақ, ертең, Астана уақыты бойынша 16 қыркүйектің таңында Головкин мен Альварес Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында жолығады. Сонымен қатар, осы жекпе-жекке қатысты пікір білдірген отандық спортшыларымыздың сұхбатын оқи отырыңыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау