Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің тарихтағы мықты жеңімпаз екенін әлем ешқашан біле алмайды

Головкин мен Альварестің айқасының шешіміне сенбеген Ring Observer спорт шолушысы Скуп Малиновски «Головкин Оскар, «Канело», WBC – барлығы жемқор алаяқтар дегісі келді ме?» атты мақала жазды. Онда ол көптеген күтпеген жайттарды мәлімдеген. Аталған мақаланың аудармасын Stan.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап ұсынады.

Геннадий Головкиннің тарихтағы мықты жеңімпаз екенін әлем ешқашан біле алмайды

«Головкин өзінің «Канеломен» айқасы болардың алдында қызықты ойын жариялады:

«Көптеген адамдар «Канеломен» бірінші айқас кезінде және ол өткен соң да өздерінің нағыз бет жүздерін көрсетті. Мен өте көп және әртүрлі адамдар туралы айтамын. Мен өзімнің кім екенімді, «Канелоның» кім екенін және кім болғанын білемін. Кіммен рематчқа түсетінімді, ненің ақ-қара екенін де білемін. Ендігі бірінші жекпе-жек туралы ойламаймын. Ол кезде жеңіліске ұшырамадым. Рингтен өзімнің барлық белбеулерімді сақтап шықтым – сол әлем чемпионы қалпымда шықтым» деді Головкин

Америкалық бокстың қожайындары үшін «Канело» сауып отырған сиыр форматындағы ұзақ уақыт пайда әкелетін франшиза болып табылады. Ал 36 жастағы Головкиннің жұлдызды қарсыласы сияқты көп уақыты қалмаған қалаусыз шетелдік екені бәріне мәлім. Шахмат тақтайшасында «Канело» – патша, Головкин – пешка.

Бұл нүктелерді бір сызықшаға жинау оңай. Бокстық мафия шарттарды анықтайды және Головкин өзекті бизнес-жоспардың әуеніне билеуге мәжбүр. Егер саған қомақты ақша қажет болса, солардың ережелері бойынша ойнауға тура келеді.

Головкин бізге жалпы Оскар, Сулейман, HBO және «Канелолардың» кім екендерін айтты. Олардың барлығы өздерінің қаржылай жағдайларын қолдау үшін бәріне дайын жемқор, өтірікші, ашкөз, әділетсіз алаяқтар ма?
Олар Головкиннің жеңіске жетпейтінін біле тұра, оны «Канеломен» екінші рет жекпе-жекке шығуға мәжбүрледі ме?

Екі жолында да судьялардың шешімі бойынша Головкин жеңгенде «Канеломен» не болар еді? Бұдан кейін ол Б жағы болып, қысым тетігінсіз, көптеген жанкүйерлері мен әлеуетті табысынан айырылар ма еді?
Енді «Канело» Головкиннің барлық белбеулерін алып алғаннан кім көбірек ұтты – Невада туризмі, HBO, WBC, Лас-Вегастағы құмар ойындары синдикаты, Golden Boy Promotions? Әлде олардың бәрі ары қарай «Канелоның» жекпе-жектері арқасында келетін табыс пен кірісті асыға күтіп отыр ма?

Егер қаржыларды бақылап отырсаңыз, Головкинге америкалық бокс қожайындарының ұзақ табыс әкелетін франшизасына қарсы жекпе-жегінде жеңісті бермейтіні анық. Естеріңізде болсын: америкалық бокс қожайындары қазір тайсалмайтын жағдайда – оларда басқа сатылатын үлкен жұлдыздар жоқ. Кроуфорд, Уайлдер, Спенс, Турман, Уорд – олардың бәрі бұлай сатылмайды.

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегін көретін ешқандай ақталған себеп жоқ. Мейвезер мен Уайлдердтің жағдайында да осылай болған. Әлемде америкалық бокс қожайындарының бақылауында болмаған 36 жастағы боксшыға «Канелоны» жеңуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Головкин Оскар, «Канело», Сулейман, HBO, Келлерман, Джонс, Лэмплилердің қандай халық екенін сөзсіз жеткізбек болды. Бірақ оған бұларды айтудың да қажеті жоқ еді. Егер сіз Америкадағы бокстың қалай жұмыс істейтінін білсеңіз, Головкиннің не айтпақ болғанын білесіз.

Америкалық бокс қожайындарының күші соншалықты, олармен ондаған жылдар бойы тартысып және жеңген Бернард Хопкинстің өзі соңында беріліп, соларға сатылып – жүйеге қосылып кетті.

Головкин сенбі кешінде рингке шығарда қатты жабырқау көрініп, еңсесі түсіңкі болды. Оның түрі жемқор жүйе оны деңгей бойынша төмен, бірақ қорғалған франшиза бойынша ұтылуға мәжбүр қылғанын білген боксшы сияқты болды.

Әлем Геннадий Головкиннің – бокс тарихындағы ұлы чемпион екенін ешқашан біле алмайды. Өкінішке орай, ол керекті мемлекеттен шыққан емес, оның дұрыс таныстары болмады және жүйе мен БАҚ оны сатып кетті» деп жазған өзінің мақаласында спорттық шолушы Скуп Малиновски.

 

Талқылау