Геннадий Головкиннің былғары қолғабы 8 миллион теңгеге сатылды

Сенбі, 27 Тамыз , 2016 18:36

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің былғары қолғабы Бурабайда өтіп жатқан қайырымдылық бәссаудасында 8 млн. теңгеге сатылды. Оны отандық кәсіпкер Райымбек Баталов иеленді.

20160827154238

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұған дейін 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылған еді.

Сондай-ақ, Винченцо Нибалидің Джиро д’Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға – 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.

Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталды. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.

Charity Tour de Burabay – жыл сайын өтетін қайырымдылық веложарысы, биылғы веложарыс 27 тамыз күні Щучье-Бурабай курортты аймағында өтіп жатыр. Шарадан түскен барлық қаражат Ақмола облыстық ауруханасындағы және Ақмола облыстық өкпе аурулары санаторийіндегі балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.

Алғашында 20 млн. теңге жинау көзделсе, қазірдің өзінде қоржынға 30 млн-ға жуық теңге түсіп үлгерген.

Жіберіп алмаңыз: 

Халықаралық Олимпиада Комитеті Геннадий Головкинге спорттағы еңбегі үшін төсбелгі табыстады

Геннадий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

 

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар