Геннадий Головкиннің үшінші перзенті дүниеге келді

Әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин үшінші мәрте әке атанды. Былғары қолғап шеберінің отбасында ұл бала өмірге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Головкин

18 қаңтар күні қазақстандық бокс федерациясы Головкинді ұлды болуымен құттықтады.

“Геннадий мен оның отбасына мықты денсаулық, береке тілейміз”, – делінген хабарламада

Айта кетейік, әйгілі боксшының енді екі ұл, бір қызы бар. Геннадий 2007 жылдың 7 шілдесінде шаңырақ көтерді. Ол сүйіктісімен жеті жыл кездескен. Головкиннің жүрегін жаулаған Алина Қарағанды қаласының тумасы. Қазақстандық ең танымал боксшының толық өмірбаянымен Stan.kz-тің арнайы материалынан таныса аласыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар