Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин шаршы алаңға көтерілді

Лондондағы О2 аренада өтіп жатқан бокс кешіндегі басты кездесуге де уақыт келіп жетті.

72723b71-73e4-455c-aad5-668da26e56fb

Шаршы алаңға қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де көтерілді. Оның қарсыласы – британиялық Келл Брук. Әдеттегідей өзін сабырлы әрі сенімді ұстаған Гена жекпе-жекке дәстүрлі қазақ шапанын киіп шығып, жанкүйерлерге де өз құрметін білдірді.

WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қарсыласы (35-0, 32 КО) Брук те (36-0, 25 КО) кәсіпқой шаршы алаңда ешқашан жеңіліп көрмеген. Бұл жекпе-жек үшін қос боксшы да өздері үшін ең жоғарғы рекордтық сомадағы ақша алады.

Кездесу орта салмақ аясында өткендіктен Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғап қалу өте маңызды. Мамандар мен сарапшылар, сондай-ақ жанкүйерлердің басым бөлігі жекпе-жектегі Головкиннің жеңісіне сенім артуда. Әйтсе де барлығын шаршы алаңдағы шайқас көрсететін болады. Кездесуді “Қазақстан” Ұлттық арнасы мен Kazsport телеарнасы тікелей эфирде таратуда.

Талқылау