Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин өзінен айнымайтын ұлын көрсетті (видео)

Геннадий Головкин мен ұлы Вадимнің бірге жүрген видеосы желіде жария болды.

TMZ Sports журналисі Геннадий Головкинді ұлы Вадим екеуі жүрген жерінен сұхбатқа тартты. Боксшы бақылаудан өтіп жатып журналистің сұрақтарына жауап берді. Желі қолданушылары ұлы Вадимнің әкесіне қатты ұқсайтынын айтып жатыр.

Головкин ресейлік спортшы Хабиб пен ирландық Конор Макгрегормен айқасуға дайын екенін айтты.

“Мен Хабиб пен Макгрегордың жекпе жегін көрдім. Жақсы төбелес болды”, – деді Головкин.

Ол журналистің “қайсысымен айқасар едің?” деген сұрағана “екеуімен де” деп жауап берді.

“Олардың екеуімен де Ресейде жекпе жек өткізуге болады. Неге болмасын”, – дейді спортшы.

Айта кетейік, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды. Ал 7 қазан күні Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді.

Талқылау