Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин өзін акулаға теңеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр.

ccfa7a82-3fa8-4d57-909f-7c187a89d53e

“Егер сіз мұхитқа барсаңыз, акула өз үйінде екенін біледі. Сол сияқты рингте де мен өзімді үйдегідей сезінемін. Кәне мұны іске асырайық!”, – дейді GGG.

Еске салсақ, Головкин мен Альварес 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада жұдырықтасады. Спорт кешені 21 мың адамға лайықталған. Қазіргі таңда барлық билеттер сатылып кетіпті.

Осыған дейін боксшылардың жекпе-жектен соң қанша қаламақыға ие болатыны айтылған еді. Өз кезегінде президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелге жасайтын іссапарына қарамастан жекпе-жекті көретінін айтқан еді. Сонымен қатар, мына сілтемеге өту арқылы Лас-Вегастың жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын да тамашалай аласыздар.

Қазақстандықтар тамаша бокс кешін Qazaqstan және Qazsport арналарынан 17 қыркүйек күні таңертең көре алады.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау